Без рубрики
Дос Көшім: Қазақ тілінің жағдайын Назарбаевтан асырып айтқан ешкім жоқ
"Қазақстан" ұлттық арнасында тұсауы кесілген "Ой толғау" бағдарламасының алғашқы санына саясаттанушы Дос Көшім мен мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл қатысты. Аталған бағдарлама барысында саясаттанушы Дос Көшім қазақ тіліне қатысты ойымен бөлісті деп жазады NUR.KZ. "Біздің билікте қазақ тілін білмейтін министрлер, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді. Мұны менің басшылыққа ренішім деп қабылдайды. Сондайда мен: "Бізде қазақша білмейтін облыс басшылары да бар" деймін. Міне, біздегі жағдай осындай", - деді талай жылдан бері қазақ тілінің мәселесін көтеріп жүрген саясаттанушы Дос Көшім.