Без рубрики
ЕҚДБ қазақстандық бизнесті қолдауға 8, 61 млрд теңге бөледі
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 27 қазан. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Еуропа қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші вице-президенті Фил Беннетпен келіссөз жүргізді. Тараптар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық валютада қорландыруды тарту, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық, инвестициялық жобаларды дайындау мен құрылымдау, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ сақтандыру өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында Ерболат Досаев инвестициялық және инфрақұрылымдық жобала