«Еңбек күніне» орай үздік мамандар марапатталды
Оралда үздік мамандар марапатталды. Еңбек күніне арналған облыстық форумда «Еңбек жолы» атты байқаудың қорытындысы жарияланды. Қала мен аудандардан келген еңбек әулеттері, ұжымдар, жас жұмысшылар мен олардың тәлімгерлері облыс әкімінің дипломдарына ие болды. Мамандық таңдауда қателеспеудің өзі - жарты бақыт. Әр кәсіптің өз нәсібі бар. Бүгінде жұмысшы мамандар жоғары сұранысқа ие. Олардың кәсіби өсіп, біліктілігін арттыруына тиісінше жағдай жасалған. Еңбек еткенге әрдайым қолдау бар. - Елімізде мемлекеттік және салалық көптеген бағдарлама жүзеге асуда. Осы бағдарламаларды іске асыру барысында ж