«Электронды қылмыстық іс» жобасы жүзеге асады
Прокурорлар жаңа бағытта жұмыс істеуге көшті. Бұған шілде айында күшіне енген «Прокуратура туралы» жаңа заң түрткі болды. Әрі қылмыстық процесстің жаңғыртылуы да қадағалаушы органның қызметіне едәуір өзгеріс енгізді. Бұл туралы қоғамның барлық өкілі қатысқан алқалы жиында талқыланды. Сондай-ақ облыста пилотты түрде «Электронды қылмыстық іс» жобасы жүзеге асатыны мәлім болды. Бұл қағазбастылықтан құтылуға сеп болмақ. Осы кезге дейін прокуратура 60 тексеруші органның жүгін арқалап келген. Тіпті қайсыбірде олардың жұмысын қайталаумен болған. Енді прокурорлар тексерісті шектейді. Бизнесті де, мемл