Газға төленген ақша қайта есептелінеді
Газға төленген ақша қайта есептеледі. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ел бойынша 2 млн тұтынушының «көгілдір отынға» төлеген ақысын заңсыз өсіріп келген. Бұл бассыздықты Табиғи монополияларды реттеу комитеті анықтады. Енді сот шешімімен монополист компания тұтынушыларға 268 млн.теңгесін қайтаруы тиіс. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2012 жылдан бері төлемақыны негізсіз өсіріп келген. Атап айтқанда, компания тауарлы газ тұтынушыларының түзету коэффициентін заңсыз көтерген және теңдәрежелі келісімдерге түрлі шарттар қабылдап отырған. Енді тәртіпті белден басқан кәсіпорын сот шешімімен тұтынушыларға артық төлеген