Көне ғимараттар жаңартылуда
Орал қаласының Достың даңғылы бойындағы ескі бөлігінде жаңғырту жұмыстары жүруде. Бір айдың ішінде осы аумақтағы 50 тарихи сәулет ескерткішін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жөндеу жұмысына бюджеттен бір тиын да бөлініп отырған жоқ. Қазір көне ғимараттар жекенің иелігінде болғандықтан, бұл іске тұрғындар мен кәсіпкерлер атсалысуда. Достық даңғылы бойындағы 50 ғимарат тарихи келбетіне сай келмейтіні айнықталған. Қасбетінің сылағы түсіп, кір-қожалақ болып, кейбірінің тіпті кірпіші мүжіліп, күтімсіз қалған. Негізінде қаланың ескі бөлігін жаңғырту идеясы 2 жыл бұрын көтерілді. Мұрағат деректері