Коммуналдық апаттар бойынша мәселені шешетін «109» нөмірі іске қосылды
Жоба «Орал қаласының авариялық-коммуналдық қызметі бойынша қалалық бірыңғай 109 Сall-орталығы» деп аталады. Жаңа жүйе бойынша ашылған орталықта 12 оператор тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Орал қаласында жұмысын бастаған авариялық-коммуналдық қызметте шетелдік тәжірибе қолданылған. Оның көмегімен, жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен авариялық жағдайларды тез арада шешуге болады. Бұрынғыдай әр түрлі мекемеге хабараласудың қажеті жоқ. Тек бірден телефоныңыздан «109» нөмірін терсеңіз болғаны. Орал қаласы әкімдігі мен облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрс