Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам
«Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам». Осындай атаумен Оралда облыс жастарының латын әліпбиін қолдау форумы өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласынан туындаған жобаға сай шараға елге танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Дос Көшім, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай, жергілікті ғалымдар мен тілшілер де қатысып, тарихи сәт туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қазанның 26-сы – тарихи күн. Бұл күні Президент қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Тарихқа үңілсек, қазақ халқы бастапқыда араб графикасына негізделген жазуды қолданған.