• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Маха.dxb» лақап атымен танылған блогерге іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деп хабарлады.
«Маха.dxb» лақап атымен танылған блогерге іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің фотосы

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер «Маха.dxb» бүркеншек атымен танылған Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматовқа іздеу жариялады. Сот оны қамауда ұстауға санкция беріпті. Махмуд Хикматов «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді.

— Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылған. Осы жүйе арқылы интернет-казино интерфейсі ұсынылып, ақша қабылдау және төлеу жолға қойылған. Ол үшін эквайринг, мобильді төлемдер мен криптовалюта пайдаланылған. Сондай-ақ ел азаматтарын құмар ойындарға көптеп тарту мақсатында жарнама таратылған, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Главный баннер

Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген. Осы мақсатта күдікті блогерлерден әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын, соның ішінде жазылушыларының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ жарияланымдарының қанша адамды қамтитыны туралы мәліметтерді сұратқан. Жарнама ақысы осы деректерге қарай белгіленген.

Ол барлығы 35-тен астам блогерді осы қылмысқа тартқан. Оның ішінде алтыншы тамызда Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза да бар. Ол интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға әдейі тартқан. Ол пайдаланушылардың әрбір өтуі үшін сыйақы алып отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуге жарияланған блогер Махмуд Хикматов туралы қандай да бар ақпарат білсеңіз агенттіктің кезекші бөліміне +7 7172 70 84 78 хабарласуды сұрайды. Хабар берген адамның аты-жөні құпия сақталып, оған сыйақы төленеді.

Главный баннер --> after article