Машина жасаушылардың мұңы қандай?
Орал қаласында «Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау кіші кластерін дамыту» тақырыбында форум өтті. Форум аясында облыстың әлеуетін көрсететін отандық өндірушілер көрмесі ұйымдастырылып, оған «Мұнай-газ саласы үшін машина жасау» кіші кластерінің қатысушылары, облыстың мұнай-газ, машина жасау салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындары, өңірдегі университеттері мен колледждер өз өнімдерінің тұсаукесерін өткізді. Көрме өтіп жатқан қазақ драма театрының кең фойесі құмырсқаның илеуіне ұқсайды. Халық ығы-жығы. Машина жасау сынды күрделі технологиялы сал