• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

МҰХИТ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бас жүлде Оралда қалды Халық композиторы, ақын әрі әнші Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сар дала сағынышы - сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауының жүйріктері анықталды. Екі күнге созылған додаға еліміздің жеті аймағынан жас таланттар қатысты. Алты алашқа ән оздырған Мұхит бабаның тойы, ең алдымен, ұлттық өнердің тойы. Асыл мұраны дәріптеу мақсатындағы байқауға Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалалары мен Шығыс пен Батыс Қазақстан облыстарынан ұзын саны 22 үміткер қатысты. Бес жыл сайын ұйымдастырылатын ән сайысының ұлы тұлғаны ұлықтаудағы мәні зор. - Мұхит бабамыздың
МҰХИТ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бас жүлде Оралда қалды Халық композиторы, ақын әрі әнші Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сар дала сағынышы - сал Мұхит» атты республикалық әншілер байқауының жүйріктері анықталды. Екі күнге созылған додаға еліміздің жеті аймағынан жас таланттар қатысты.
aitis
aitis
Алты алашқа ән оздырған Мұхит бабаның тойы, ең алдымен, ұлттық өнердің тойы. Асыл мұраны дәріптеу мақсатындағы байқауға Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалалары мен Шығыс пен Батыс Қазақстан облыстарынан ұзын саны 22 үміткер қатысты. Бес жыл сайын ұйымдастырылатын ән сайысының ұлы тұлғаны ұлықтаудағы мәні зор. - Мұхит бабамыздың есімін1991 жылдан бастап осындай үлкен ән-байқаулар өткізіп, дәріптеп келеміз. Бабамыздың басына кесене орнатылды, Орал қаласынан үлкен көше берілді. Мұхит бабамыздың рухы көтерілді дегеніміз – ол қазақтың рухы өсті деген сөз, - дейді әнші-термеші, «Мұхит» қоғамдық қорының директоры САҒАДАТ РАХМЕТЖАНОВ. Байқау үш кезеңді қамтыды. Алдымен, үміткерлер Мұхит пен Ғарифолла және өзге де халық композиторларының әнін орындады. Келесі кезеңде қатысушылардың ішінен үздіктер іріктелді. Сайысқа сал Мұхиттың ізін жалғап, кейінгіге табыстап келе жатқан өнер майталмандары қазылық етті. Солардың бірі Қазақстанның Халық әртісі ҚАЖЫБЕК БЕКБОСЫНОВ байқау жайлы былай дейді: - Өнердің өзінің мақсаты – 100 ат бәйгеге қосылады, біреуі бірінші келеді. Сондықтан өнер деген де – өмір бойы жарыс. Сол жарыс екі күн бойы өтті. Жастар бар. Бірақ олар өзін-өзі өмір бойы тәрбиелемесе, өздерін сол өнерге арнамаса, ол тұрақтап қалмайды. Дегенмен, барына қуанамыз. Ал шын жүйріктер есімі қорытынды кезеңдеанықталды.Орал қаласының атынан сынға түскен Бейбіт Қажығалиев пен Ернар Өмірәлі екінші орынды тең бөлісті. Алматылық Нұрым Асқанов бірінші орынды иеленсе, Ақжайық ауданынан келген Данияр ЕЛЕУОВ бас жүлдені жеңіп алды. - Өте қуаныштымын. Негізі бала кезімнен ән айттып, дәстүрлі әнге тек 2010 жылдан  бет бұра бастадым. Ұстаздарым - Көшерғали Макаров және Қайрат Кәкімов, - дейді жеңімпаз. Қорытынды кезең жеңімпаздардың гала-концертіне ұласып, сахнадан ән-Мұхиттың «Үлкен Айдай», «Кіші Айдай», «Айнамкөз», «Қиғаш» әндері шырқалды. Бұл байқау талай дарабоздың томағасын сыпырғанымен де мәнді. Батыс ән мектебінің негізін қалаған көрнекті тұлға сал Мұхитқа арналған мерейтойлық шаралар бүгін туған жері Қаратөбе ауданында жалғасты. Акерке Абишева
Главный баннер --> after article