• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» «ЕҢ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМ» АТАНДЫ

Оралда бес күнге созылғанақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайып атындағы «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің шымылдығы жабылды. Өнер бәйгесінің қорытындысында «Тәуелсіздікке тағзым» және «Мәңгілік ел» атаулы 17 жүлде табыс етілді. «Ән-Мұхитпен» ашылған елішілік театрлар фестивалі бес күнге созылды. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры, Семейдегі Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Шымкенттегі орыс дра
«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» «ЕҢ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМ» АТАНДЫ
Оралда бес күнге созылғанақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайып атындағы «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің шымылдығы жабылды. Өнер бәйгесінің қорытындысында «Тәуелсіздікке тағзым» және «Мәңгілік ел» атаулы 17 жүлде табыс етілді.
teatr
teatr
«Ән-Мұхитпен» ашылған елішілік театрлар фестивалі бес күнге созылды. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры, Семейдегі Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Шымкенттегі орыс драма театры және өзіміздің Орал театры ұзын саны 10 қойылымды сахналады. Көршілес тағы екі театр фестиваль қонағы болды. Өнер майталмандарының бірін-бірі көріп, деңгейін біліп, өресін тануда мұндай бәйгелердің маңызы зор. Фестивальдің жабылу салтанаты Иран-Ғайыптың өнер кешіндей өрілді. Алдымен, ақынның өзі өлең оқып, жұртшылықты ұйытты. Қуатты қалам иесінің осы Орал театрында әр жылдары  5 драмалық шығармасы сахналанды. Бұл кеште сол шоқтығы биік қойылымдар - «Махамбет» пен «Қорқыттан»  үзінді оқылды. Өнер кешінде ақын-драматургтің ұлы Жайыншаһ саксофонның сырлы сазымен көрерменді тәнті етсе, жиені, белгілі эстрада әншісі Жанар Дұғалова шараның шырайын ашты. Кеш соңында фестиваль жеңімпаздарының есімі жарияланды. Әуелі актер, режиссер, суретші секілді 13 тетар тарландары «Тәуелсіздікке тағзым» жүлдесімен марапатталды. Мүсірепов театры қойған «Естайдың Қорланы» облыс әкімдігінің арнайы сыйлығына ие болды. Фестивальдің бас жүлдесіне баланатын «Ең үздік қойылым» аталымы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының «Мәңгілік елдің алтын адамы» тарихи дастанына бұйырды. Ал осы қойылымның режиссері, театр және кино актері Мұрат Ахманов «Үздік режиссура» аталымын жеңіп алды. Семей театрының актері Бауыржан Төлеков «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен марапатталса, оралдық Нұргүл Жұбатова мен алматылық Ақбота Қаймақбаева «Үздік әйел бейнесі» аталымын тең бөлісті. Өнер тойы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы қаламгердің жұртшылыққа есеп беру кешіндей қабылданып, көрерменге рухани азық сыйлады.   Врезка: ЗОРАН ЛЬТУКОВ «СТОБИ - 2016» антикалық драма фестивалінің директоры, қазылар алқасының мүшесі /Македония/: - Фестиваль тартысты өтті. Қазылар алқасына таңдау жасау оңай болған жоқ. Сайыста тарихи туындылар көп қойылды. Актерлардың мінезі жұмсақ болғанымен, рольдегі бейнелері өр, өжет. Эмоцияны берулері тамаша.   Акерке Абишева  
Главный баннер --> after article