Мектеп бағдарламасындағы өзгерістер туралы Бөрлі аудандық білім беру бөлімінде айтып берді
Биылғы оқу жылының ерекшелігі, 1-сынып оқушыларының сабақ үлгерімі бағаланбайды. Бұған дейін аталған сыныптардың балаларына 3, 4 тоқсанда баға қойылатын еді. Қазір оқушылар күзгі каникулдан кейін екінші тоқсан оқу жылын ойдағыдай жалғастыруда. Қазір Бөрлі ауданында 25 жалпы білім беретін орта мектептің 18-і штаттық режимде, 7-уі қашықтықтан оқытылуда. Биыл мектеп табалдырығын 998 бүлдіршін аттаса, барлығы дерлік мектепке барып жүр. Жаңа оқу жылында 1 мен 4 сынып аралығындағы оқушылар үшін кезекші сыныптар ашылды. Биылғы жылдың бір ерекшелігі – 1 - 11 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағд