• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

Оқушыларынан ақша жинаған мұғалімдер қатаң жазаға ұшырайды. Тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті деп хабарлайды "Егемен Қазақстан басылымы". «Бізде министр бұйрығымен мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітілген. Ол бұрыннан бар, бұл бірінші бұйрық емес. Ол туралы барлық білім беру департаменттері мен бөлімшелеріне айтылды. Біз мектептерде ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Бірақ бұл талап жергілікті жерлерде бұзылып жатады», – деді вице-министр Орталық коммуник
Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады
Оқушыларынан ақша жинаған мұғалімдер қатаң жазаға ұшырайды. Тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті деп хабарлайды "Егемен Қазақстан басылымы".
ustazdyn-zholy
ustazdyn-zholy
«Бізде министр бұйрығымен мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітілген. Ол бұрыннан бар, бұл бірінші бұйрық емес. Ол туралы барлық білім беру департаменттері мен бөлімшелеріне айтылды. Біз мектептерде ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Бірақ бұл талап жергілікті жерлерде бұзылып жатады», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, осы бұйрықты бұзған қызметкерлерге қатаң жаза қолданылады. Тіпті жұмыстан шығаруға дейін баруы мүмкін. «Біз барлық оқиғаларға қатаң шаралар қолданып келеміз. Оны жіті бақылап, ата-аналармен бірге ақша жинауға мүлдем қарсы екенімізді білдіреміз. Мектепте оқушылардың ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы министр бұйрығы барлық облыстың, Астана мен Алматы қалаларының білім беру департаменттеріне жолданған. Ақша жинауға жол берген қызметкерлерді жұмыстан шығаруға дейін барамыз», – деді Эльмира Суханбердиева. Еліміздегі орта білім беру мекемелері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан мектеп оқушыларынан ақша жинауға толық тыйым салынған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің арнайы қаулысы да бар. Алайда мектептердегі ақша жинау үрдісі әзірге тоқтамай тұр. Сынып қоры, мектептің жөндеу жұмыстары, мерекелік жиындарға және тағы басқа түрлі себептермен оқушылардан ақша жинау мектептерде еш тоқталған емес. Жыл сайын бітіруші сынып оқушыларының естелік суретке түсуі, мектеп бітіру кешіне ақша жинауы да үлкен дауға арқау болады. Осыған орай бір кездері түлектерден ақша жинауды белгілі бір лимиттен асырмау жөнінде де ұсыныстар жасалды. Алайда мұның өзі ақша жинау төңірегіндегі әңгімелерге тосқауыл бола алмады.  Бұл тұрғыда тыйым салып қоя салу аздық етеді. Сондықтан заң шығарып, ақша жинауға мұрындық болған ата-ана, мектеп басшысына әкімшілік жаза тағайындауды қарастырған жөн. Негізі, кез келген нәрсеге темірдей тәртіп пен қатаң заң арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мектептің жөндеу жұмысына бірлі-жарым ата-ананың көмектескісі келген ниеті жалпылық сипат алып кетпеу жағын ойластыру керек. Көбінесе сынып жетекшісіне жақын жүретін ата-аналардың біреуі бастамашы болып ұсыныс айтады да, қалғаны қосақ арасында кетеді.    
Главный баннер --> after article