Без рубрики
МИЯ ТАМЫРЫНЫҢ ШИПАЛЫ СЫҒЫНДЫСЫ ҚАЛДЫҚСЫЗ ӨНДІРІЛЕДІ
Мың сан дертке дауа мия шөбі – әлемде сирек кездесетін өсімдік. Әсіресе, оның бағалы тамырын тек шикізат ретінде шетке сатпай, өздері өңдеп, өндіріп отырған кәсіпорындар бар. Солардың бірі - «Лакрица Приуралье» серіктестігі. Дәрі-дәрмек, азық-түлік, өнеркәсіп саласында қолданылатын балдай өнімнің қалай алынатынын тілшіміз біліп келді. Аулада тау-тау боп үйілген мия тамыры көктемнен қара күзге дейін жиналады. Оны кәсіпорын жұмысшылары ауыл-ауылға шығып, даладан трактормен орып алады. Шикізат әуелі диірменде уатылып, ұсақталады. Содан соң қапқа тиеліп, басты цехқа әкелінеді. Мұнда ұсақталған мия