Мониторингтік топтың отырысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Басты түйткілдің бірі - кадр тапшылығы. Өңірде 217 дәрігер жетіспейді. Осы орайда арнайы жасақталған жоспарға сай мәселені 3 жыл ішінде шешу көзделген. - Ұзақ мерзімді жоспарға сай жас мамандарды оқыту үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінуде. Өткен жылы 24, биыл 19 маман білім алуда. Оқуын бітіргеннен кейін олар облысқа оралып, жұмыс істейді. Бұған қоса басқарма, Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетімен, Асфендяиров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен меморандумға отырды. Аталған меморандум аясында 117 жас маман жыл соңына дейін өңірге келеді, - дейді Б