Оралда Назарбаев зияткерлік мектебісінің ғалымдарымен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жолдары талқыланды
Мемлекеттік қызмет ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Әлемнің озық елдері осы қағиданы ұстанады. Назарбаев университетінің профессоры Колин Нокстың өңірімізге ат басын тіреудегі басты мақсаты да сол. Елбасының 100 нақты қадам ұлт жоспарының іске асу барысын бағамдау. Әрі шетелдік тәжірибемен бөлісу. - Мемлекеттік қызметші қанша қызмет көрсеткенін «санмен» нақты айта алады. Алайда, оның нәтижесі қандай? Тұрғындардың өмір сапасы бұдан жақсарды ма? Міне, осы сауалдарға жауап іздеген дұрыс дейді, - Назарбаев университетінің профессоры Колин Нокс. Бүгінде кез-келген азамат үйінен немесе кеңсесінен шық