«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 180 пәтерлі баспана пайдалануға берілді
180 пәтерлі үй, Оралдың қарыштап дамып келе жатқан аумағында бой көтерді. Нысан бір жылда салынып, құрылысында жылу ұстағыш материалдар пайдаланылған. Баспананың Тәуелсіздік күні тапсырылуы мерекенің маңызын арттыра түскендей. Қуаншты сәтте тұрғындарды Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, биылдың өзінде 1700 отбасының пәтерлі болатынын тілге тиек етті. - Елбасының «Нұр жер» бағдарламасы бойынша биыл өңірімізде 14 көпқабатты үй және 8 ауданда 188 тұрғын үй салынып жатыр. Тұтастай алғанда 1700 пәтер пайдалануға берілмек. Соның мың жарымы жыл соңына дейін тапсырылады. Тәуелсі