Облыс әкімдігінде жылыту маусымына дайындық пен дала өрттерінің алдын алу жолдары талқыланды
Аптап ыстық пен аңызақ жел өңірдегі дала өрттерінің өршуіне себепші болды. 46 мың га аумақ отқа оранып, елеулі шығын келді. Мұның өзі тілсіз жаумен күрестегі көп кемшіліктің бетін ашты. Ең алдымен, жауапты мекемелер арасындағы өзара байланыс болмаған. Сондай ақ жалын жайлағанда ерікті өрт сөндіру жасақтары жайбырақаттық танытқан. Әрі тозығы жеткен техника да кеңінен көсілуге мүмкіндік бермепті. - Аудан әкімдіктеріне қарасты ерікті құрылымдардың материалдық-техникалық жарақтануды жақсартуды ұсынамыз. Сондай ақ өрт сөндіру бекеттерін құруға қаржы бөлу керек. Біздің бөлімшелердің техникасы да шам