Облыс күндері аясында өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылады
ЭКСПО-2017 көрмесін 30 мыңнан астам батысқазақстандық тамашалаған. Облыс күндерінің аясында 10 концерттік бағдарлама, 8 қойылым және танымдық көрмелер ел назарына ұсынылуда. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов мәлім етті. Брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары, әуелі, Ақжайық атырабының инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Жыл сайын ұйымдастырылатын «УестКазИнвест», «АқжайықИнвест» секілді халықаралық форумдар шетелдік кәсіпорындардың өлкеге қызығушылығын арттырып келеді. Мәселен, финдікт