Облыстық ауруханада тәулігіне 60 ота жасалады
«Өмір үшін!» Бұл саналы ғұмырын адам өмірін өлімнен аман сақтап қалуға арнаған абзал жандардың ұраны. Құрылғанына 150 жыл толып отырған облыстық клиникалық ауруханада дәл осындай жанкешті жандар жұмыс істейді. Облыстық қазақ драма театрында өңірдегі бас медициналық ұйымның бір жарым ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Байырғы мекеменің тарихы тереңде. 1867 жылы алғаш 6 кереуеттік әскери амбулатория болып ашылған ғимаратта бар-жоғы 1 дәрігер, 2 фельдшер жұмыс істеген. Кейін совет өкіметі құрылған кезде толыққанды медициналық мекеме болып қайта құрылыпты. Сұрапыл соғыс жылдары мұ