• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Өмір бойына тыйым салынса да рөлге отырған: Ақтөбеде мас жүргізуші қамауға алынды

Тәртіп сақшылары заң бұзған жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамапты.
Өмір бойына тыйым салынса да рөлге отырған: Ақтөбеде мас жүргізуші қамауға алынды
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбеде өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды. Тәртіп сақшылары таңғы рейд барысында ВАЗ-2114 автокөлігін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгіндеген адамның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталыпты. Бірақ ол бұл тыйымға қарамастан мас күйде рөлге отырған.

Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы бірінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Главный баннер

Ақтөбе облысы полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, жыл басынан бері өңірде көлік басқару құқығынан айырылса да, рөлге отырған 38 жүргізуші анықталыпты.

 

 

Главный баннер --> after article