Орал қалалық білім бөлімі басшысының ісі тәртіптік кеңесте қаралды
Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңес 22-тамыз күні өтті. Тәртіптік іс бойынша кеңес мүшелері Орал қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары Батика Пайдинаны жазасыз қалдыруға шешім қабылдап, істі тоқтатты. Батика Пайдинаға қатысты маусым айында балабақша ата-аналарынан арыз түсіп, тергеу басталған болатын. Білім бөлімінің басшысы сол кезде балаларды мектепке қабылдау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында мектепке дейінгі ұйым басшыларымен жиналыс өткізген. Аталмыш жиынға 24 директор мен 21 әдіскер қатысқан. М