Орал қалалық әкімдікте жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес отырысы өтті
Қаладағы жарықтандырылмаған жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықтандыруды ұйымдастыру жоспары жасалды. 25 қараша Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен қалалық әкімдікте Жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес отырысы өткізілді. Жиында Орал қалалық Полиция басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Білім беру бөлімінің баяндамалары тыңдалды. Қазіргі уақытта қаладағы жарықтандырылмаған жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықтандыруды ұйымдастыру жоспары жасалды. Ағымдағы жылдың 18-24 қараша аралығын