Орал қаласы бойынша жер кезігінде 71 мыңға жуық адам тұр
Оларға тиісті жер телімдерін табыстау үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Оған сай Круглоозерный ауылы маңынын жер беру қарастырылып отыр. Бұл жөнінде шаһар басшысының БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтылды. Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімі Мұрат Мұқаев тілшілер алдында атқарылған жұмыстардың есебін беріп, қойылған сауалдарға жауап қатты. Облыс орталығының даму жағдайына тоқталып, жолдар мен тұрғын үйлер құрылысы, жолаушы көліктерінің қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі ақпаратты ортаға салды. Шаһар басшысының айтуынша, азаматтарға тұрғын үй салу