Орал қаласы тұрғындарына мұздан келер қауіп ескертілді
Күннің суытып, сынап бағанасының нөлден төмен сырғи бастауы қала аумағын қоршаған өзен-көлдердің суын қатырып, беттеріне қаймақтай қабыршақ мұз тұрғызды. Ал тұрғындар осы жұқа мұздың ойылып кетерін жəне адам өміріне қандай қауіп алып келерін əсте естен шығармауы керек. Бұл адам өмірі қауіпсіздігі үшін маңызды ескерту. Орал қаласы əкімдігінің кіші залында өткен брифингте сала мамандары мұздан келер қауіп жоғары екенін ескертті. -"Біз мұздың қалыңдығын өлшеп көрдік. 3-4 сантиметрді құрайды. Соған қарамастан адамдар мұз үстіне шығуға асығыстық танытып жатқандарын байқадық. Əсіресе балықшылар. Еск