Орал қаласына айлық норманың 110 пайыздық көлемінде дымқыл түсті
Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК БҚОФ мәлімдеді. Жақында ғана жауған нөсер жауын кезінде қала аумағында және облыс көлемінде суға кеттік деп, көмек сұраған шақыртулар саны артқан болатын. Жаңбырдың салдарымен күрес кезінде шаһардан коммуналдық кәсіпорын 1500 текше метр су сорғызған. Дауылды нөсер соңы ақ жауынға ұласып, 9 сағат бойы толассыз жауған болатын. Бұл жолғы ақ жауын тұрғындарды да, арнайы сала мамандарын да бір әбігерге салды. Қаланың ойпатты, арығы жоқ аудандарында жаңбыр суының деңгейі көтеріліп, үйге ену қаупі артқан. Дегенмен дер кезінде атқарылған жұмыс нәтижесінде нөсердің зардабы