Орал қаласынан «Аналар мұражайын» ашу ұсынылды
«Аналар музейін ашу керек». Ассамблея жанынан құрылған аналар кеңесінің мүшелері Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлына осындай өтініштерін білдірді. Түрлі этнос пен ұлтты бір шаңырақ астына жинаған облыстық ассамблея мүшелері Достық үйінің төрінде бас қосқан болатын. Енді облыстағы әлеуметтік саясатты өңір басшысының жаңадан тағайындалған орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жүргізбек. Облыстық ассамблея жұмысы да осы әлеуметтік бағытқа жатады. Сондықтан түрлі ұлт өкілдері Ғабидолла Абдоллаұлымен жақынырақ танысып, келешекке жоспарланған істерімен бөлісті. - Аналар кеңес