Орал қаласында 11 жер телімі аукционда сатылды
Бұл кезекті рет өткізілген аукционның бірі. Сатыққа облыс орталығы мен Круглоозерный, Зашаған кентінде орналасқан 11 жер учаскесі қойылған. Аукционға шығарылған жер телімдеріне ие болған адам оны кадастрлық құны бойынша сатып алуына болады. ҚР-ның «Жер кодексінің» 48-бабына сәйкес, коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін аукционға қойылған жер телімдерінің тек 3 жылға жалдау құқығы саудаланады. Егер 3 жыл ішінде жер игерілмегені анықталса, қайтадан мемлекетке қайтарылмақ. Яғни ҚР Жер кодексінің 92-ші және 94-баптарына сәйкес, жер телімі кері мемлекетке алынады. Жалға алу құқығының үш жыл