Орал қаласында 31 жасар ана 7-ші сәбиін дүниеге әкелді
«Алтын алқаға» қол жеткізгелі отырған азаматша Айгерім Ушанова. Жары- Азаматбек Ирисбековпен 2006-жылы шаңырақ құрған екен. Үлкен қыздары- Ясмина 2008-жылы дүниеге келген. Тоғжан 2009-жылы, Иса есімді ұлдарын 2011-жылы туса, төртінші перзенттері Жібекжан 2012-жылы дүние есігін ашқан. 2013-жылы Айгерім жарына Мирас есімді тағы бір батырды сыйлайды. Ал 2015-жылы Диас деген шекесі торсықтай ұл туған. Енді міне, 2018-жылдың 13-шілдесінде 7-ші сәбиін дүниеге алып келіп отыр. Салмағы 4 келі, бойы 54 см болып туылған нәресте-қыз бала. Есімін Медина деп қоямыз дейді ата-анасы. -«Мен ішкі істер органын