Без рубрики
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА 40 ҮЙ АПАТТЫ ДЕП ТАНЫЛҒАН
Жұмабаевтар отбасы ХІХ ғасырда салынған үйдің жертөлесінде тұрып келеді. Баспана апатты деп танылмаса да, жөндеуге келмейді дейді тұрғындар. Бұған тұрғын үй-шаруашылық бөлімі мамандарының айтар өз уәжі бар. Жалпы қалада 40 үй апатты деп танылған. Бұл мәселе қалай шешіледі? Жұмабаевтар отбасының отыз шаршы метр аядай баспанада тұрғанына 10 жыл болған. Сыздан үйдің қабырғасы көгеріп, сылағы жарылып тұр. Иісі де қолқаны қабады. Жылда әктеп-сырлаймыз, бірақ ескі үй жөндеуге келмейді дейді көпбалалы ана. Әсіресе, үш айлық сәбиге обал. Сыз бен дымқылдан нәресте де деміге бастаған. - Кішкентайым атты