Орал қаласында 6248 бала 1-сыныпқа қадам басты
Жаңа 2018-2019 оқу жылында Орал қаласы мектептерінде 47 217 оқушы білім алауға өтініш білдірген. 4 240 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданса, 1- сыныпқа 6 248 бала барады. Шаһарымызда салтанатты түрде соғылған №44 мектепте соғылған алғашқы қоңырауға қала әкімі Мұрат Мұқаев арнайы қатысып, білім әлеміне қанат қаққан бүлдіршіндер мен барлық оқушыларға сәтті оқу жылын тіледі. Бүлдіршіндер үшін мектеп деген алтын ұяның табалдырығын жүрексіне аттап, қолына қалам ұстау-жүрек тебірентерлік сәт. Ата-аналар да бауыр еті балаларын қолынан жетектеп, ұстаз анаға табыстап, ерекше толқыныста жүр. Орал