Орал қаласында айналымға шыққан жаңа 500 теңгелік банкнота көрсетілді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 22 қарашадан бастап 2017 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды. Айналымға енген жаңа 500 теңгелік банкнотты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының директоры Қозыбақ Әбуұлы Құлбарақов таныстырды. Фото с сайта Tengrinews.kz Оның айтуынша, жаңа банкноттың дизайны айналыстағы «Қазақ Елі» сериясының ақша белгілерімен бірыңғай стильде – бет жағында басым түрде тігінен бейнелер, ал сырт жағында көлденең түрінде бейнелер орындалған. Басым түс