Орал қаласында апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды
Салынғанына 60 жылдай болған Ғарифолла Құрманғалиев көшесі 3 мекен-жайындағы тұрғын үйдің бір бұрышы сөгіліп, құлаудың шақ алдында тұрған болатын. Ұзақ жылдар бойы баспаналары опырылып түседі ме деп қауіптеген тұрғындарға билік өкілдері үлкен қуаныш сыйлады. Айта кетейік, тұрғындар жаңа үйге «Мемлекеттік жеке әріптестік» бағдарламасы аясында ие болып отыр. Ғарифолла Құрманғалиев көшесі 3 мекен-жайындағы 2 қабатты тұрғын үйді тек 2016-жылы «Құрылыс консалтинг» АҚ техникалық қорытындысына сай апатты деп таныды. Енді үйіміз опырылып құлайды ма деп қауіптеніп, талай табалдырықты тоздырған тұрғында