Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңке бұрынғыша Ықсанов көшесінің бойында өтіп жатыр. Облыстың барлық кәсіпкерлері өз өнімдерін сату үшін өтініш білдіріп, осынан тегін орын жайға ие бола алады. Жәрмеңкедегі көкөністер мен жеміс-жидектердің бағасы базармен салыстырғанда біраз арзанға түсті. Қазір базар сөрелерінде самсаған қызылды-жасылды жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасының төмендегені байқалады. Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын дәруменді өнімді тұтыну тұрғындар қалтасына ауыр тисе, қазір қыс азығын қамдауға қолайлы жағдай орнығыпты. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті азық-түлік өндірушілер жәрмеңкесі тамыз айының