Орал қаласында қаржыгерлер күнін атап өтті
Қаңтар мен қыркүйек аралығында жалпы құны 11,4 млрд. теңгенің 125 бизнес жобасы қолдау тапты. Осы кезеңде облыс банктеріндегі несиелік портфель көлемі былтырмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Жергілікті бюджетке 58,7 млрд. теңге түсіп, 4,9 пайыз өсімді көрсетті. Қаржы нарығындағы осындай оң көрсеткіштер саланың тұрақты дамуының нәтижесі. Төл мерекесінде қаржыгерлерді облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады. - Осы жылдары біздің жалпы ішікі өнімнің өзі еселеп өсті. Салыстыруға да келмейді. Өйткені ол кез бен қазіргі кезең арасы жер мен көктей. Өндіріс өрісті, табыс еселі. Бұл әрине ең алдымен Е