Орал қаласында қоқыс шығару тарифі арзандайды
Жаңа жылдан бастап елбасының тапсырмасына сай, тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифінің бағасы 10%-ға төмендегелі отыр. Бұл жөнінде тазалықпен айналысушы кəсіпорын басшысы хабарлады. Барлық қызмет пен азық-түлік бағасы өседі деп, қымбатшылықтан зəрежап болған халық үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Аз да болса коммуналдық төлемге жеңілдік. "Орал таза сервис" ЖШС қызметкерлері өз жағдайлары мəз еместігіне қарамастан осындай бастаманы қолға алған. Бұл өзгелерге үлгі боларлық іс. -"Мен зейнеткермін. Қыста коммуналдық төлем ақы қымбатқа шығады. Бұл енді жағымды жаңалық екен. Өзге де тарифтер арзандас