Орал қаласында қысқа қамданбаған үй тұрғындары жылусыз қаламыз ба деп үрейленуде
Орал қаласының Ульяна Громов көшесі, 2/1 мекен-жайындағы апатты жағдайға түскен бұрынғы жатақхана тұрғындары былтыр да қыста жылыту маусымына дер кезінде дайын болмау салдарынан опық жеген. -Биыл да сол жағдай қайталануы бек мүмкін, - дейді тұрғындар. -Үйіміз жылуға қосылуға дайын емес. Тұрғындар ақша жинамайды. Тағы да салқын жерде қалатын болдық, - дейді үй тұрғыны Еламан Ержанов. - Біздің жағдайымыз нашар. Жыл сайын осы жағдай қайталанады. Тұрғындар пәтерлерін тастап кеткен. Көбінде пәтерді жалға алушылар тұрады,- деп қапаланып, арызын жеткізді, - дейді үй тұрғыны Сағынтай Исмагулов. Күн су