Орал қаласында үш жер телімі бойынша байқау өтеді
Игерілмей жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, жұмыс істегісі келетін тұлғаларға беріледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумақтар байқау негізінде, ал коммерциялық жер телімдері аукцион арқылы ұсынылады. Қазір үш жер үлесі бойынша құжаттама дайын. Круглоозерное кенттік округіндегі 3 жер телімінің жалпы аумағы – 1200 га. Бұл жер 5-10 жыл бойына пайдаланылмай бос жатқан. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумақтарды шаруа қожалықтары мемлекетке өз еркімен қайтарған. Қала аумағындағы шаруашылыққа арналған жер көлемі 49 мың га. Олардың мақсатты игерілуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.