Орал қаласында үшінші қайырымдылық Гранд балы өтеді
Бұл жолғы шара жылдағыдан ерекеше болады деді, - өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихатын өткізген ұйымдастырушылар. Гранд бал дарынды жастарды қолдап, қайырымдылық істерге ұйытқы болуға бағытталған. Оған іріктеу 3 қыркүйекте қазақ драма театрында өтпекші. Кастингте 18-бен 29 жас аралығындағы жастар бағын сынап көруіне әбден болады. Қазір өтініштер өзіміздің өңірмен қатар, өзге облыстардан да келіп түсуде дейді, - «Ақиқат» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мерген Сүлейменов. 100 жас іріктеліп, бір ай бойы Гранд балға әзірленеді. Осы орайда жастарға «Астана-опера» театрының