Орал қаласында әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістер талқыланды
Келер жылдың басынан халықты әлеуметтік қорғау бойынша кейбір өзгерістер орын алмақ. Бұл, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары негізінде іске асады. Жаңашылдықтарға облыстың әлеуметтік қамсыздандыру саласы қандай дәрежеде дайын? Әзірлік жұмыстарының барасы қалай? Осы және өзге де мәселелер сала өкілдерінің басын қосқан алқалы жиында талқыланды. Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайды. Бұрын 40 пайыз болатын. Өлшемнің өсуі, үш жәрдемақыны біріктірудің нәтижесі. Сондай ақ аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру