Орал қаласында өткен кезекті жиын барысында латын графикасына көшу талқыланды
Кездесуге тіл жанашырлары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Қазақ елі латын графикасына кезең-кезеңімен көшетіні белгілі. 2022-жылдан бастап мектеп оқушылары жаңадан қабылданған әліпби бойынша оқуды бастамақ. Ең алдымен қазақ тілі пәні латын қарпіне өзгертіліп, кейіннен басқа пәндер де осы қаріпбиге көшіріледі. Қазақ елінің кирил әліпбиінен латын қарпіне көшетіндігі туралы шешімі қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұқараның бір тобы жалпы әліпбиге байланысты, бірі жекелеген дыбыстарға байланысты, енді бірі әліпбиді енгізуге байланысты өз алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр