Орал қаласында өткен жəрмеңкеде 750 бос жұмыс орны ұсынылды
Жəрмекеде негізінен жастарға басымдық берілді. Жұмыссыздықты жоюға бағытталған шара Х.Бөкеева атындағы драма театрда өткен болатын. Жұмыс іздеушілерден өндірістік кəсіпорындар, денсаулық сақтау саласы, білім беру, құқық қорғау салалары түйіндеме қабылдап, 100-деген жұмыс беруші қатысты. Олардың арасында облыс көлемінде жұмыс жасайтын жəне ауданнан келген мекемелер де болды. -"Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына 2 мыңдай адам жұмыс іздеп жолықты. Оның 400-і жастар. Бүгінгі таңда 470 жас ресми түрде тіркеуге алынды",-дейді жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұржан Аткеш