Орал қаласында Денис Теннің қазасына байланысты аза тұтылды
Мұз сарайшығы алдына қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері спортшылар мен қайғылы жағдай қабырғаларын қайыстырған жастар жиналды. Мұз үстінде мың бұрала мәнерлеп сырғанаудағы шеберлігімен күллі әлемнің көзайымына айналып, елінің сүйікті ұлы, жастардың үлгі тұтар тұлғасы болған Денис Тенді көпшілік ажалға қия алар емес. Отбасының қайғысына ел болып ортақтасқан бұқара дара спортшының рухына тағзым жасап, суреттерінің қасына гүл шоқтары мен шырақтар қойды. Денис Тен 19-шілде күні Алматы қалалық ауруханасында көз жұмған болатын. Көлігіне жасалған шабуыл кезінде ол қарақшылардың қолынан жарақат алы