Орал қаласында Депо ауданындағы көпір қолданысқа берілді
Депо ауданындағы көлік көпірі 1965-жылы салынған. Сол уақыттан бері ешқандай күрделі жөндеу көрмеген болатын. Былтырғы жылдың наурыз айында көпір күрделі жөндеуге байланысты 2 жылға, яғни 2019-жылға дейін жабылды. Бірақ мердігерлер оны мерзімінен ерте тапсырып отыр. Ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы, қала әкімі Мұрат Мұқаев және зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, қарапайым қала тұрғындары қатысты. Сонымен бір жарым жылда көпір толықтай дерлік қайтадан салынып отыр. Бұрын жолдың ені 11 метр болса, енді 20 метрге дейін кеңейтілген. Көпірдің жалпы ұзындығы 536 метрд