Орал қаласына Германия делегациясы келді
Облыс әкімі Алтай Көлгінов Алматы қаласындағы Германия Федеративті Республикасының бас консулы Йорн Розенберг бастаған неміс делегациясымен кездесті. Кездесуді ашқан облыс басшысы Елбасы жақында Сочиде Алманияның белді кәсіпкерлерімен кездескенін айтып, жалпы батысқазақстандықтардың неміс компанияларымен біраздан бері байланысы барын жеткізді. -Батыс Қазақстан облысының Еуропа мемлекеттерімен арадағы тауар айналымының көлемі былтыр 4 млрд. долларды құрады. Оның ішінде Германияның үлесі зор. Ал Орал қаласы Германияның Магдебург шаһарымен жақсы қарым-қатынаста. Осыдан екі жыл бұрын қала әкімі бо