Орал қаласында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссияның отырысы өтті
Күн тәртібінде қаралған басты мәселе-күллі елді шулатқан 8 жасар Николайдың тәртібі. Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағалығымен өткен жиынға көлікке әуес балақай мен оның әкесі, тәртіп сақшылары, білім бөлімі басшысы мен мектеп мұғалімдері қатысты. Комиссия мүшелері егер осындай әрекет тағы бір мәрте қайталанса, Николайдың әкесін ата-ана құқығынан айыратынын ескертті. Николай Керцман өзгенің көлігін рұқсат тізгіндеп, 3 рет жол-көлік оқиғасына тап болған еді. Кішкентай балақай осылайша бір аптада әкесін 1 млн 400 мың теңге шығынға батырды. Бұл көлік иелеріне ғана келтірілген за