Орал қаласында кәсіби-техникалық колледждердің облыстық форумы өтті
Алдымен өткен көрмеде өңірдің кәсіптік оқу орындары жеткен жетістіктерін паш етті. Ақсай колледжі бірнеше жылдан бері Қарашығанақ кенішін орта буын мамандармен қамтып отыр. Әсіресе оқушылардың тәжірибесін шыңдадуда қамтуда аудандағы ірі кәсіпорындарымен берік байланыс орнатқан. - Бізден жылына жүзден астам түлек түлеп ұшады. Оқушыларды 9 сыныптан соң қабылдап, негізгі төрт мамандық бойынша үйретеміз. Түлектерімізге деген сұраныс жоғары. Оқуын тәмамдағандар Қарашығанақ кеніші мен аудандағы ірі кәсіпорындарда жұмыс істеуде дейді, - Ақсай инженерлік-экономикалық колледжі директорының орынбасары Ы