Орал қаласында кәсіподақ жастарының форумы өтті
Батыс Қазақстан облысы бойынша бүгінде 915 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олардың 65 мыңнан астам мүше болса, соның 35 пайызы жастар екен. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Осы орайда кәсіподақ қызметіне жастарды кеңінен тарту маңызды міндет. Форум барысында сала ардагерлері тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. - Кәсіподақ жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы бітімгерші болып есептеледі. Сондықтан өзінің белгілі бір орны бар. Яғни, даулы сұрақтарды сот шешіміне жүгінбей заңға сүйене отырып шешетін құрылым. Әзірге кәсіподақтың маңызын көпшілік терең түсіне бермейді дейді,