Орал қаласында көпір жабылып, көлік қозғалысы өзгерді
Нефтебаза ауданындағы автокөлік көпірінің жабылатыны жөнінде алдын ала хабар таратылды. Қала тұрғындарына уақытша қолайсыздық кезінде діттеген жеріне жететін өзге қозғалыс сұлбасы ұсынылып отыр. cof Биылғы жыл кептеліссіз көшеде емін-еркін жүріп үйренген жүргізушілерге оңай тимеді. Жақында ғана Депо ауданындағы көпір ашылып, тыныстары кеңіген темір тұлпар иелері алғашқы күні қалың көлік нөпіріне тап болып, біраз жүйкелерін жұқартты. Дегенмен жол сақшылары жол бойында қозғалысты реттеуді таң ала көлеңкеден қолға алған. Осындай жағдай боларына дайындалып, ертерек қамданған əкімдікте шаһар басшыс